Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Керимхан Аппазов мен ювеналды полиция тобының инспекторы Бекзатхан Тоханов қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде ата-анасының қарауынсыз жүрген 3 жасар баланы байқаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полицейлер баланың ата-анасын жедел іздестіріп, көп ұзамай баласын жоғалтқан әке табылып, баламен аман-есен қауышты.
Тексеру барысында белгілі болғандай, баланың әкесі жақын маңдағы ғимаратқа кіріп кеткен сәтте, бала көліктен түсіп кеткен. Әкесінің көлігінен алыстап кеткен балақай адасып қалған.
Қырағылық пен жедел әрекет еткен полиция қызметкерлеріне ата-анасы алғысын білдірді.