Елімізде Республика күнінде 709 бала дүниеге келді

/
Елімізде Республика күнінде 709 бала дүниеге келді
istockphoto

25 қазан Республика күнінде Қазақстанда бір тәуліктің ішінде 709 бала дүниеге келді, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Республика күнінде еліміздің перзентханаларында 709 нәресте, оның ішінде 359 ұл, 350 қыз дүниеге келді.

Бұл күн елдің жаңа өмірі мен болашағының символына айналды.

Бір тәуліктік ішінде босандыру ұйымдарындағы медицина қызметкерлері 704 әйелді босандырды.

Жаңа туған нәрестелердің арасында бес жұп егіз бар.

Денсаулық сақтау министрлігі мереке күні перзентханаларда кезекшілік жасап, Қазақстанның жаңа азаматтарын қабылдаған дәрігерлерге, акушерлерге және барлық медицина қызметкерлеріне шын жүректен алғыс білдірді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары