БҚО-да жол апатынан 6 адам зардап шекті

/
БҚО-да жол апатынан 6 адам зардап шекті
istockphoto

Батыс Қазақстан облысында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан алты адам зардап шекті деп хабарлайды turkystan.kz.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 25 қазан күні шамамен сағат 18.55-те Атырау-Озинки жолының 22-шақырымында Бәйтерек ауданы Болашақ ауылы тұсында болды.

Алдын ала мәлімет бойынша «Lada Granta» автокөлігінің жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, «CHANGAN X5 PLUS» автокөлігімен соғысқан.

— Жол апаты салдарынан «CHANGAN X5 PLUS» автокөлігінің жолаушылары түрлі жарақат алды. Барлығы 6 адам зардап шегіп, олар Оралдағы қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады БҚО полиция департаменті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары