«ҚазАвтоЖол» көлік жүргізушілеріне ескерту жасады

/
«ҚазАвтоЖол» көлік жүргізушілеріне ескерту жасады
istockphoto

"ҚазАвтоЖол" өкілдері үш облыста қолайсыз ауа райы болатынын хабарлап, көлік жүргізушілеріне жолда абай болуын ескертту. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.

"ҚазАвтоЖолдың" ресми Telegram-каналындағы ақпаратқа сәйкес, 25-27 қазан аралығында Алматы, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар болады деп болжанады.

"Жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз", - делінген ресми хабарламада.

Компания өкілдері 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатынын еске салды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары