Маңғыстауда 380 тонна қара металл мемлекет кірісіне өндірілді

/
Маңғыстауда 380 тонна қара металл мемлекет кірісіне өндірілді
istockphoto.com

Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Индустрия және құрылыс министрінің бұйрығымен ел аумағынан қара металдардың сынығы мен қалдықтарын (пайдаланылған) сыртқа шығаруға уақытша тыйым салынған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Белгіленген шектеулерге қарамастан, Маңғыстау облысындағы төрт серіктестік белгіленген тәртіпті бұзған. Маңғыстау көлік прокуратурасының бастамасымен мемлекет кірісіне 380 тонна металл сынығы өндірілді.

Қабылданған шаралар осындай заңбұзушылықтардың алдын алуға және заңдылықты нығайтуға мүмкіндік берді. Прокуратура органдары «Заң менТәртіп» қағидатын іске асыру және мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау бойынша жұмысты жалғастыруда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары