Жамбыл облысында 5 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

/
Жамбыл облысында 5 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
istockphoto.com

Өңірде ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қабылданды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетіне қарасты Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаменті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің біріне қатысты тексеру жүргізді.

Тексеру барысында Меркі ауданында орналасқан жалпы ауданы 5,2 мың гектар болатын, жер телімдері нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмай отырғаны анықталды.

Тексеру нәтижесінде жер пайдаланушыға анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Алайда белгіленген мерзімде талаптар орындалмағандықтан, департамент жер учаскелерін мәжбүрлеп мемлекет меншігіне қайтару туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары