Саты ауылы Дүниежүзілік туристік ұйымның ең үздік ауылдар тізіміне енді

Саты ауылы Дүниежүзілік туристік ұйымның ең үздік ауылдар тізіміне енді
Ашық дереккөзден

Алматы облысы Кеген ауданына қарасты Саты ауылы Дүниежүзілік туристік ұйымның ең үздік ауылдар тізіміне енді. Бұл туралы «Kazakh Tourism» ҰК " АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Даниел Сержанұлы Айкерім Есенәлінің «Shynaiy» сұхбаттында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазір 100 шақты үйі бар Саты ауылы тек қана туризммен тыныстап отыр. Жергілікті тұрғында ауылды демалыс аймағына айналдырған.

«Жергілікті тұрғындар қосымша бөлмелерін туристерге дайындап қойған. Келген қонақтарды үйлеріне қабылдайды, қонаүйдегідей толық қызмет етеді. Қазір ол жерде 30 шақты қонақүй де салынды. Осылай экономикалық тұрғыда туризм - бір ауылдың табыс көзіне айналып отыр. Қазір Саты ауылы Дүниежүзілік туристік ұйымның ең үздік ауылдардың тізіміне енді. Бұл – мақтанатындай жағдай», – дейді Даниел Сержанұлы.

Сондай-ақ Даниел Сержанұлы Қазақстандағы басқа да ауылдардың да туризммен айналысуға әлеуеті жеткілікті екенін айтты.

«Саты ауылындағы жүйені қазір басқа да ауылдарға жеткізіп жатырмыз. Қазақстанда көрсетуге тұрарлық аймақтар өте көп. Мысалы, Нағи Ильясов, Қызылордадағы өте керемет ауыл. Бұл тізімге Лепсі ауылын қосуға болады. Сондай-ақ Қатонқарағай жақтағы ауылдар да бар. Алда тұрған мақсат - осы ауылдардағы жағдайды түзеп, туристерді тарту», – дейді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары