Жамбылда өз баласын жағынан ұрған әкеге үкім шықты

/
Жамбылда өз баласын жағынан ұрған әкеге үкім шықты
istockphoto.com

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған баланы ұрды деп айыпталған ер адамға үкім шықты. Оқиға биыл шілде айында Жаңатас ауылында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Кішкентай ұлының түн бойы телефон қарап, таңертең уақытында тұрмағанына ашуланған әкесі оны “тәрбиелеу мақсатында” бетінен ұрған», – делінген сот хабарламасында.

Прокурор жаза ретінде 100 сағат қоғамдық жұмыс тағайындауды сұраған. Ер адам өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінген. Жәбірленуші тараптың өкілі – баланың анасы күйеуін кешіргенін айтқан.

Сот кінәні мойындауды, шын жүректен өкінуді және кәмелетке толмаған балаларының бар екенін жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді.

Нәтижесінде сот айыпталушыға 100 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары