«TikTok-тағы лүпіл үшін»: БҚО-да қатарласын пышықтаған оқушыға қатысты тың дерек шықты

/
«TikTok-тағы лүпіл үшін»: БҚО-да қатарласын пышықтаған оқушыға қатысты тың дерек шықты
istockphoto

Батыс Қазақстан облысында жергілікті мектептегі оқушылардың жанжалы пышақ жарақатымен аяқталды. Оқу-ағарту министрлігі мен облыстық полиция департаменті қанды оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Halyqstan Telegram-каналында Теректі ауданындағы мектептердің бірінде жасөспірімнің пышақ жарақатын алғаны туралы ақпарат жарияланды. Подстепное ауылы тұрғындарының айтуынша, екі оқушы дәретхананың қасында сөзге келіп, артынан біреуі екіншісіне пышақпен шабуылдаған.

"Жанжал жұма күні басталған. Күзгі бал кезінде ұлдар сөзге келіп қалған. TikTok-қа, лүпілдерге қатысы бар болса керек. Бірақ сол кездегі мәселені енді ғана түбегейлі шешуді ұйғарған шығар. Мектепке пышақ алып келген бала тұрмысы нашар отбасыдан шыққан. Пышақ жарақатын алған оқушы жедел жәрдем көлігіне өзі барып отырды. Оны алып кетті", - деді ауыл тұрғыны.

Оқиғаға қатысты өңірлік ПД өкілдері пікір білдіріп, бұзақылық әрекеттерге байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта аталған факт бойынша болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті – кәмелетке толмаған оқушы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылатын болады.

Материалдар қосымша шаралар қабылдау және осындай құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептерді жою үшін аудан әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жіберілді. Қылмыстық істі тергеу барысы Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", - деді полицейлер.

 
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары