Шымкент тұрғыны ломбардтан 1 млрд теңгенің мүлкін ұрлаған

/
Шымкент тұрғыны ломбардтан 1 млрд теңгенің мүлкін ұрлаған
istockphoto.com

15–16 қазан аралығында ТМД елдері аумағында өткен “Іздеу” жедел алдын алу шарасы барысында полицейлер Шымкент қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол қаладағы ломбардтардың бірінің 1 миллиард теңгеден астам мүлкін иемденіп, қашып жүрген.

ІІМ мәліметінше, күдікті тергеуден жасырынбақ болған, алайда жедел іздестіру шаралары нәтижесінде ұсталып, қамауға алынды.

“Іздеу” операциясы Ресей ІІМ-нің іздестіру топтарымен бірлесіп жүргізілді. Іс-шараға Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының полиция бөлімшелері, сондай-ақ ТМД елдерінің қылмыстық полиция қызметкерлері қатысты.

Барлығы екі күн ішінде жедел уәкілдер 286 қылмыскерді ұстап, 55 із-түзсіз кеткен адамды тапты, олардың ішінде сегізі кәмелетке толмағандар.

ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов операция нәтижелері құқық қорғау органдарының халықаралық ынтымақтастығының тиімділігін дәлелдегенін атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары