Ақтауда көшеден ер адамның мәйіті табылды

/
Ақтауда көшеден ер адамның мәйіті табылды
Фото: polisia.kz

Ақтауда онкологиялық орталық ғимаратының қасынан белгісіз ер адамның денесі табылды. Полиция өкілдері оқыс оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды Lada.kz басылымы.

Басылымның хабарлауынша, ер азаматтың денесі Ақтау №1 шағынауданынан табылған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ер адамның денесі онкологиялық орталық пен аялдаманың қасында жатқан.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, ер адам кенеттен көшеде көз жұмған.

"Ер адам қайтыс болды. Ол бейімделу орталығында тұрған. Сараптамалар тағайындалып, іс қозғалды", - деді полицейлер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары