Қайғылы оқиға 18 қазан күні таңертең Ақтауда болды. Куәгерлердің айтуынша қыз 18-ші қабаттан құлап, көз жұмған, деп хабарлайды turkystan.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Ақтаудың 17-шағын ауданындағы «Green Plaza» тұрғын үй кешенінің аумағында болды.
«Жұмыстан үйге қайтып келе жатқан едім, ауладан полиция көліктерінің жылдам өтіп бара жатқанын естідім. Не болғанын көру үшін бардым. Басында ештеңе түсінбедім, бірақ кейін полиция көлігінің артында қыздың денесі жатқанын көрдім. Ол үйдің кіреберісінен бір метрдей жерге құлап түсіпті», - дейді оқиға куәгерлерінің бірі.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша іс қозғалғанын хабарлады.