Мемлекет басшысы «Қазақстан барысы – 2025» турнирінің жеңімпазын құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Марат Байкамуровты қазақ күресінен «Қазақстан барысы – 2025» турниріндегі жарқын жеңісімен құттықтаймын! Ол тамаша өнер көрсетіп, жанкүйерлер көңілінен шықты. Мемлекет қазақ күресінің дамуына алдағы уақытта да қолдау көрсете береді, - деп жазылған құттықтау мәтінінде.