Алматы облысында жасөспірімді пышақтап кетті

/
Алматы облысында жасөспірімді пышақтап кетті
istockphoto

Алматы облысында түнгі уақытта жасөспірімді пышақтап кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында болған. Қансырап жатқан баланы тұрғындар көріп, жедел-жәрдем шақырған.

Куәгерлердің айтуынша, алғашқы көмек көрсетіліп, белінен атқылаған қан тоқтатылып, бала аман қалған.

"Қылмыстық іс қозғалды. Іске қатысы бар адамдар анықталды. Қылмыстың жасалуына ықпал еткен себеп мен жағдайларға ерекше назар аударылады", - дейді облыстық полиция департаменті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары