Желіде Сәкен Майғазиевтің маңғыстаулық құдағиын қарсы алған сәті талқылануда, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бейнежазбада әншінің жаңа түскен келінді ата-анасының алдынан шығарып, қуанышпен қарсы алғаны байқалады.
Келіннің анасы қызының жүдеу көрінгенін айтып, «Ұстайтын жері қалмапты ғой» деп қалжыңдаған.
Бұған Майғазиев те әзілмен жауап беріп, келіннің салмақ қостыра алмай жүргенін айтқан.
"Маңғыстаулық құдағи қарамайды. Сәкеннің баласысың ба, Мейрамбектің баласысың ба айта салады", - деп жазылған видео сипаттамасында.