Алматы облысы Қаскелең қаласында 21 жастағы қызды өлтіріп кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полиция бұл фактіні растады. Ведомствоның мәліметінше, "Кісі өлтіру" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шаралары барысында жасалған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 20 жастағы жігіт анықталып, ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді", - дейді Алматы облыстық полиция департаменті.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.