Қазақстандық балуан Ерсін Балтағұл Лондонда өткен көрсетілімдік сумо турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.
«Гран-при» додасы әйгілі «Альберт-холл» концерт залында өтті. Кинбозан Харуки есімімен өнер көрсететін Балтағұл алғашқы белдесуде элиталық дивизиондағы ең шағын рикиси — Мидорифудзи Казунаримен кездесті.
Қарсыласын бірнеше қуатты итерумен шетке ығыстырған қазақстандық балуан дохёдан шығарып, таза жеңіске қол жеткізді.