«Құқықтық көмек»: Шымкент әкімі тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады

/
«Құқықтық көмек»: Шымкент әкімі тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады
«AMANAT» партиясы

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының «Құқықтық көмек» жобасы аясында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков азаматтарды жеке қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қабылдауға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Төрағасы Мұрат Жолдыхожаев, сондай-ақ тиісті басқарма басшылары қатысып, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Кездесу барысында қала тұрғындары жұмысқа орналастыру, инфрақұрылымды жақсарту, қоғамдық тәртіп пен тұрмыстық жағдайға қатысты өзекті мәселелерін көтерді.

Қабылдауға келген қала тұрғыны Бағила Пернебекова жер телімін рәсімдеу және немересінің еміне көмек көрсету мәселелерін көтерді. Аталған өтініш Жер қатынастары, Сәулет және қала құрылысы, Денсаулық сақтау басқармаларына, сондай-ақ Абай ауданы әкімдігіне жолданып, партия тарапынан бақылауға алынды.

Қабылдау барысында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков әрбір азаматтың өтінішін жеке қарап, оның заң аясында шешілуін қамтамасыз ету үшін жауапты басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді.

«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдаулары – тұрғындардың талап-тілектерін дер кезінде тыңдап, олардың шешімін табуға ықпал етуді көздейтін тиімді алаң. Мұндай кездесулер партияның «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын жүзеге асырудағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары