«Өгей атасы қамауға алынды»: Ақтөбеде босанған оқушыға қатысты жаңа ақпарат жарияланды

/
«Өгей атасы қамауға алынды»: Ақтөбеде босанған оқушыға қатысты жаңа ақпарат жарияланды
istockphoto

Ақтөбе облысы Ойыл ауданында 14 жастағы оқушы босанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Босанған оқушы 9-сыныпта оқиды. Білім басқармасының мәліметінше, жасөспірім толық емес отбасының баласы.

"Ата-анасы ажырасқан, анасымен бірге тұрады. Осы уақытқа дейін 3 рет медициналық тексерістен өткен. Бірақ ерте жүктілік белгілері анықталмаған", - дейді Ақтөбе облыстық білім басқармасы.

Басқарманың мәліметінше оқушы үш рет медициналық тексеруден өткен:

биылғы жылдың 13-18 наурыз аралығында аудандық ауруханада тексерілген;

жазғы лагерьге бару үшін: 28 мамырда тексерістен өткен;

10 қыркүйекте ата-анасымен барып дәрігерлерге тексерілген.

Бірақ оқушының жүктілігі туралы еш маман білмеген, тіпті анасы да бейхабар.

Қазіргі кезде тергеу жүріп жатыр. Күдікке апасының күйеуі, яғни өгей атасы ілінді.

"Полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті адам анықталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - дейді облыстық полиця департаменті.

Тергеу барысын полиция департаменті басшысі тікелей бақылауға алған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары