Актер Бақыт Тушаев студент кезінен бергі досы Дархан Мұсаев жайлы жазба жариялап, шындықты айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Күн сайынғы алып қашпа әңгіме ғой десек те осыны жазуға тура келді. Мен Дарханды сонау студент кезден жақсы білемін. Менен бір жыл кейін марқұм Болат Атабаевтың курсына түсті. Жатақхана да тұрды. Жалпы Дарханды ақ адал дос, ақ көңіл азамат ретінде жақсы білем. Өте талантты жігіт. Тек театрға беретінін әлі бере алмай жүр. Асабалық өнері де өте мықты. Студент кезінен табыскер жігіт. Және көше төбелесінде досын тастап кетпейтін, қандай жігітіңе болса да қасқайып қарсы тұратын жігіттің төресі. Бойы да ұзын, иықты бір сөзбен айтқанда жігіттің сұлтаны дер едім», – дейді.
Оның айтуынша, Дарханның басындағы жағдай бір отбасының тағдыры емес, қоғамдық сипат алған.
«Дарханның Нұрсейітке берген сұхбаты. Ол тек қана бір отбасының тағдыры емес бүкіл қоғам айнасы. Ақтап жатқандар мен даттап жатқандар пікірі екіге қақ жарылған. Дариғаны да жақсы білем екеуі де бір курсста оқыды өте талантты қыз. Махаббаттары студент кезден басталған. М. Әуезов атындағы Ұлттық театрдағы әріптестерім Дарханды жайлы жақсы айтады. Қоғам Дариғаның сөзінен негіз алып Дарханды табыс таппаған дейді. Ол қалай табыс таппайды аптасына жоқ дегенде бір екі күн тойда жүрсе. Және ол қалай үйде отырады театрда таңнан кешке дейін қайнаған тірлік, одан қалса гастроль, фестиваль дегендер жан жаққа шапқылатады. Дарханның ақшасыз жүрген кезін көрген емеспін. Кейбір дастарханды өзі де төлеп тастайтын мәрттігі бар», – дейді ол.