Қазақстан Сыртқы істер министрі Қатар СІМ басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады

/
Қазақстан Сыртқы істер министрі Қатар СІМ басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады
СІМ

Ермек Көшербаев Қатар СІМ басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

– Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Шарм-эш-Шейх қаласының маңындағы жол апаты салдарынан Қатар Әмірі Кеңсесінің қызметкерлері қаза болғанына байланысты Қатар Мемлекетінің Премьер-министрі – Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәниге көңілхат жолдады. Сондай-ақ Ермек Көшербаев марқұмдардың бейбітшілік пен тұрақтылық жолындағы үлесін атап өтті және Қазақстан Қатармен стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайтынын жеткізді, - делінген хабарламада. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары