Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

/
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
istockphoto

«Қазгидромет» РМК үш қалада ауа сапасы төмендейтінін хабарлады.

— 2025 жылғы 12 қазанда Ақтау, Алматы қалаларында, түнде Өскемен қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары