Боран: Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

/
Боран: Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады
istockphoto

Синоптиктер елдің бірқатар аймағында ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шымкент қаласында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп күтіліп отыр.

Түркістан облысында жел соғып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ пен қатты жел болады деп болжанып отыр.

Тараз қаласы мен Жамбыл және Қарағанды облыстарында тұман, үсік және секундына 15-18 метрге дейін жететін жел күтіледі.

Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысында найзағай, қатты жел және төтенше өрт қаупі болжанып отыр.

Ал Түркістан, Ақтөбе, Жезқазған қалаларында, сондай-ақ Ұлытау, Қызылорда, Алматы және Ақтөбе облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары