Жетісуда алқабилер жүргізушіге қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды Жетісу облыстық прокуратурасы.
Бес адамның ажалына себеп болған жол апатына қатысты қылмыстық іс мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Алқабилер жүк көлігінің жүргізушісін кінәлі деп тапты.
Ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Іс материалдарына сәйкес, "Volvo FH-Truck" автокөлігінің жүргізушісі "Алматы – Өскемен" тас жолымен келе жатып, ауа райының қолайсыздығы мен көктайғаққа қарамастан көлікті қауіпсіз жерге қоймаған. Жүк көлігі жолды жауып, салдарынан үш жеңіл көлік соқтығысқан. Қайғылы оқиға жеңіл көліктегі бес адамның өмірін қиды", - дейді ведомстводағылар.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.