Жәнібек Әлімханұлы маңызды мәлімдеме жасады

/
Жәнібек Әлімханұлы маңызды мәлімдеме жасады
Фото: sports.kz

WBO және IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жегі жайында мәлімдеме жасады.

Шетелдік инсайдер көздерінің ақпараты бойынша былғары қолғап шебері 6 желтоқсанда WBA белбесуін жеңіп алу үшін кубалық Эрисланди Ларомен қолғап түйістіреді. «Kazakh style» атанған Жәнібек бірнеше айдан кейін рингке қайта оралуды мақсат етіп отыр. 

Қазіргі уақытта Жәнібек АҚШ-та алдағы айқасына дайындығын бастап кетті. Ол жекпе-жектің сәтті өтетініне толық сенімді екенін жеткізді.  

– Жақында... жеңіл жұмыс, - деп жазды Жәнібек Х әлеуметтік желідегі парақшасында.

Алдағы жекпе-жек Жәнібек Әлімханұлы үшін 2025 жылдағы өткізген екінші айқасы болмақ. Астана қаласында сәуір айында өткен жекпе-жекте ол франциялық Анауэля Нгамиссенгені нокаутқа жіберген еді. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары