Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы азаматтарды қабылдады

/
Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы азаматтарды қабылдады
Фото: ұлттық ұлан

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының ғимаратында Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабековтің жетекшілігімен азаматтарды қабылдау өтті.

Кездесу онлайн форматта ұйымдастырылып, онда әлеуметтік кепілдіктерден бастап әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне лайықты жағдай жасауға дейінгі өзекті мәселелер талқыланды.

Генерал-майор А. Балтабеков атап өткендей, әскери киім киген азаматтарға қамқорлық көрсету –қағаз жүзіндегі емес, іс жүзіндегі басым бағыт. Себебі әрбір өтініштің артында адамның тағдыры, отбасы және сенім тұр. Бас қолбасшы көтерілген әр мәселе бойынша нақты тапсырмалар беріп, жедел әрі нәтижелі кері байланысты қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.

Әсіресе әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын арттыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Өйткені отбасының қолдауы мен ертеңгі күнге деген сенім – жауынгерлік рухтың, тәртіптің және Отанға адал қызмет етудің негізі.

Айта кету керек, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы қоғаммен ашық диалог орнату және өзара сенімді нығайту бағытын жүйелі түрде жалғастырып келеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары