СҚО-да жыл басынан бері 770 келіден астам есірткі тәркіленді

/
СҚО-да жыл басынан бері 770 келіден астам есірткі тәркіленді
Polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері полиция қызметкерлері 770 келіден астам түрлі есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, жұмыс екі негізгі бағытта жүргізіліп келеді – есірткі қылмыстарын анықтау және олардың алдын алу.

Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша есірткіге қатысты 214 құқық бұзушылық тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көп (2024 жылы – 187 дерек). Олардың 100-ден астамы – сату фактілері, 8-і – аса ірі көлемде сақтау, 7-еуі – контрабанда, ал 4-еуі – есірткіні насихаттау фактілері, – деді Асқар Мұхаметқалиев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары