«Қазгидромет» РМК бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.
— 2025 жылғы 10 қазанда Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астана, Қостанай қалаларында қолайсыз ауа райы күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.