Қазақстан ТМД елдері ойындарында 82 медаль жеңіп алды

/
Қазақстан ТМД елдері ойындарында 82 медаль жеңіп алды
Спорт комитеті

Әзірбайжанда III ТМД елдері ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жарыс қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы 10 алтын, 24 күміс, 48 қола медаль иеленіп, жалпы командалық есепте 5-орынға тұрақтады.

Жекелеген спорт түрлері бойынша:

  • Каратэ (WKF) – 3 алтын, 3 күміс, 2 қола
  • Таеквондо WT – 2 алтын, 2 күміс, 3 қола
  • Бокс – 2 алтын, 1 күміс, 11 қола
  • Нысана көздеу – 1 алтын, 4 күміс, 2 қола
  • Садақ ату – 1 алтын, 2 күміс
  • Күрес түрлері – 1 алтын, 1 күміс, 1 қола
  • Жүзу – 9 күміс, 10 қола
  • Стенд ату – 2 күміс, 6 қола
  • Үстел теннисі – 3 қола
  • Көркем гимнастика – 3 қола
  • Бадминтон – 2 қола
  • Самбо – 2 қола
  • Батуттағы гимнастика – 2 қола
  • Семсерлесу – 1 қола

Бұған дейінгі ТМД ойындарындағы көрсеткіштеріміз:

2023 жыл. 7 алтын, 14 күміс, 32 қола (5-орын)

2021 жыл. 18 алтын, 35 күміс, 53 қола (3-орын, Қазан)

Әзірбайжанда еліміздің атынан 132 спортшы 18 бағдарламада сынға түсті.

Олардың қатарында Париж Олимпиадасының жүлдегері Александра Ле, сондай-ақ әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегерлері де болды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары