Петропавлдағы кәсіпорындардың бірінің аумағында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Петропавлда кәсіпорын аумағында John Deere тракторының жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Алған жарақаттарының салдарынан 58 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.