Аяз: Қазгидромет ауа райы қандай болатынын жариялады

/
Аяз: Қазгидромет ауа райы қандай болатынын жариялады
istockphoto

9 қазанда еліміздің 13 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Алматы облысында түнде 3 градусқа дейін аяз күтіледі, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан және Қызылорда облыстарында шаңды дауыл соғып, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл облысында түнде 1-3 градус аяз, ал Таразда топырақ бетінде 2 градус аяз күтіледі.

Қарағанды, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман түседі.

Маңғыстау мен Атырау облыстарында шаңды дауыл мен қатты жел болжанып отыр.

Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталуда.

Абай облысының оңтүстігінде де өрт қаупі жоғары болады деп күтілуде.

Метеорологтар тұрғындарға ауа райының күрт өзгерісіне дайын болып, қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары