Сот тоқ соғып қаза тапқан жұмысшының анасына моральдық шығын өндірді

/
Сот тоқ соғып қаза тапқан жұмысшының анасына моральдық шығын өндірді
Қызылорда соттары

Қызылордада сот жұмыс орнында қаза тапқан жұмысшының анасына моральдық зиян өндіріп берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кәсіпорынның электрослесарі жұмыс барысында тоқ соғып, қайтыс болған.

Сараптама қорытындысы бойынша марқұм электр жарақатынан қайтыс болған және бұл жағдай өндірістік жазатайым оқиға деп танылған.

Марқұмның анасы сотқа жүгініп, ұлының отбасындағы жалғыз асыраушы болғанын, қайғылы жағдай жұмыс берушінің кінәсінен орын алғанын, өзі мүгедек екенін және қарт анасы барын көрсетіп, моральдық зиян өндіруді сұраған.

Жауапкер бұған дейін де марқұмды жерлеуге және отбасына жалпы 1,5 миллион теңгеден астам материалдық көмек көрсетілгенін көрсетті.

Сот істегі дәлелдемелерді зерделей келе, жауапкерден талап қоюшының пайдасына 3 000 000 теңге моральдық зиян өндіру туралы шешім шығарды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары