«Қазпошта» АҚ 6 қазаннан бастап 2026 жылға арналған мерзімді баспасөз басылымдарына жазылу басталғанын хабарлайды. Сүйікті басылымдарын жаздырып алғысы келген оқырман үшін түрлі тақырыптағы 3 000 атаудан тұратын газет-журналдарға жазылу мүмкіндігі беріледі. Интернет-ресурстардың дамуына қарамастан, баспа басылымдары қоғамдық пікір мен ұлттық құндылықтарды қалыптастыратын маңызды және сұранысқа ие шынайы ақпарат көзі болып қала береді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Қазақ басылымдары әрдайым халықтың үні, төл руханиятымыздың берік қорғаны саналған. Газет-журналдарымыз ұлттық сана-сезімді дамыту ісінде айрықша рөл атқарады».
«Қазпошта» АҚ жазылу науқаны аясында қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды танымдық және ойын-сауық басылымдарымен қамтамасыз етуге бағытталған «Балаларға сый жаса: газет-журналдарға жазыл» әлеуметтік жобасын іске асырып отыр. Жоба білімнің ғажайып әлемін тану қуанышын сыйлауға дайын отандастарымыздың белсенді өмірлік ұстанымына бағытталған.
Пошта сервисі және мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі басқарушы директор Бағлан Оразбай баспа басылымдарының маңыздылығын және оларды жеткізудегі Қазпоштаның рөлін атап өтті. «Газет-журналдар ‒ ауа райының қолайсыздығына қарамастан, күнделікті баспа басылымдарын жазылушыларға жеткізетін журналистердің, техникалық мамандардың, пошташылардың еңбегінің жемісі. Күн сайын сұрыптау учаскелері арқылы мыңдаған дана баспа басылымдары сұрыпталады, оларды ең шалғай ауылдарда күтеді. «Қазпошта» мерзімді басылымдарды әрбір ауыл тұрғынына тұрақты жеткізуді қамтамасыз ететін еліміздегі жалғыз компания болып қала береді.
TURKISTAN, AIQYN және LITER газеттеріне Kaspi.kz қосымшасы арқылы жазыла аласыздар.
- «TURKISTAN» газеті: https://kaspi.kz/pay/KAZAKHGAZETTERI?9446=16&started_from=QR
- «AIQYN» газеті: https://kaspi.kz/pay/KAZAKHGAZETTERI?9446=14&started_from=QR
- « LITER» газеті: https://kaspi.kz/pay/KAZAKHGAZETTERI?9446=15&started_from=QR
Жазылым мерзімі: республикалық басылымдарға – 2025 жылғы 25 желтоқсанға дейін; шетелдік басылымдарға – 2025 жылғы 10 желтоқсанға дейін жалғасады. Жазылуды www.qazpost.kz сайтында немесе Qazpost мобильді қосымшасында оңай әрі жылдам рәсімдеуге болады. 2026 жылға арналған газет-журналдар каталогы https://qazpost.kz/ru/help/tariffs?tab=pochtovye-uslugi сілтемесі бойынша орналастырылған.
Барлық қажетті ақпарат www.qazpost.kz сайтында, «Қазпошта» АҚ-ның әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарында орналастырылған. Толығырақ «Қазпошта» АҚ Байланыс орталығының 1499 телефоны арқылы білуге болады.