Оралда сот төрағасына шығарылған үкім өзгеріссіз қалды

/
Оралда сот төрағасына шығарылған үкім өзгеріссіз қалды

Орал қалалық сотының бұрынғы төрағасы Руслан Жұмағұлов ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін 2 жыл 7 ай 15 күнге бас бостандығынан айырылды. Сотталушы апелляцияға арыз бергенімен, үкім өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

7 қазан күні Батыс Қазақстан облыстық сотында Орал қалалық сотының бұрынғы төрағасы Руслан Жұмағұлов пен адвокат Нұржігіт Фазылғалиевке қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым қаралды.

Бұған дейін, 3 маусымда, Тасқала аудандық соты Руслан Жұмағұловты «Алаяқтыққа оқталу» бабы бойынша кінәлі деп танып, 2 жыл 7 ай 15 күнге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған болатын. Сондай-ақ оған мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды.

Адвокат Фазылғалиевке де дәл осындай жаза тағайындалды. Ол «Қылмыс жасауға арандату» және «Елеулі мөлшерде пара беру» баптары бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл бойы адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Тараптар үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірген. Алайда Батыс Қазақстан облыстық сотының сот алқасы бірінші инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Сонымен қатар, Жұмағұловқа рақымшылық қолданудан бас тартылды, себебі рақымшылық сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандарға қолданылмайды.

Шешім жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары