Қазақстандықтар зейнетақы жинағын енді көз емдеу үшін ала бастады

/
Қазақстандықтар зейнетақы жинағын енді көз емдеу үшін ала бастады
istockphoto.com

Бір айдың ішінде офтальмологиялық қызметтерге зейнетақы жинақтарының артық қаражатынан 1,4 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бірінші кредиттік бюроның мәліметінше, тіс емдеуге зейнетақы жинақтарын пайдалану ережелері күшейгеннен кейін, Қазақстанда офтальмологиялық қызметтерге төлемдердің күрт өскен.

Қыркүйек айында офтальмологиялық қызметтерге 1,4 млрд теңгеге 1611 өтініш қанағаттандырылған — бұл тамыз айымен салыстырғанда саны бойынша 5,8 есе, ал көлемі бойынша 7 есе көп. Соңғы 12 айдың орташа көрсеткіштерімен салыстырғанда өсім одан да жоғары — тиісінше 7,9 және 9,3 есе.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай күрт өсімнің басты себебі – тіс емдеуге арналған зейнетақы қаражатын пайдалануға қойылған жаңа шектеулер.

Қыркүйекте тіс емдеуге қатысты қанағаттандырылған өтініштердің саны тамызбен салыстырғанда небәрі 6%-ға, ал сомасы 4%-ға азайған. Алайда маңызды жайт бар – қаражатты кері қайтару көлемі күрт артқан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары