Астана әуежайында жолаушыларды биометрия арқылы тану жүйесі енгізілмек

/
Астана әуежайында жолаушыларды биометрия арқылы тану жүйесі енгізілмек
istockphoto.com

Көлік министрлігі Астана халықаралық әуежайында жолаушыларды биометриялық аутентификациядан өткізу жүйесін енгізу туралы жобаны қоғам талқылауына шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Астана қаласының әуежайында жасанды интеллектіні пайдалана отырып жолаушыларды биометриялық аутентификациялауды енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы» бұйрық жобасын жариялады.

«Жоба Астана әуежайында жолаушыларға қызмет көрсету процесін жетілдіруге бағытталған.

Биометриялық аутентификация бойынша жобаны енгізу жолаушыларға қызмет көрсету уақытын қысқартуға, ұшу алдындағы рәсімдерден өтуді оңтайландыруға және Астана әуежайындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», - делінген құжатта.

Жоба 4 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары