1 қыркүйектен бері облыс аумағында көші-қон заңнамасын бұзудың 130-дан астам фактісі анықталды. Сот шешімімен алты шетелдік азамат Қазақстан Республикасынан шығарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полиция олардың уәкілетті органдардың тиісті рұқсатынсыз құрылыс жұмыстарымен айналысқанын анықтады. Заңнамаға сәйкес, бұл азаматтарға Қазақстан аумағына кіруге бес жыл мерзімге тыйым салынды.
Көші-қон қызметі еске салады: рұқсатсыз еңбек қызметімен айналысқан немесе ел аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер, сондай-ақ оларды заң талаптарын бұза отырып қабылдаған азаматтар мен ұйымдар жауапқа тартылады.