Қостанай облысында киберқылмыспен күрес қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде пайдаланылған SIM-карталарды заңсыз қосу және жалға беру схемасы әшкереленді.
Алдын ала деректер бойынша, ол бірнеше айдың ішінде шамамен 35 абоненттік нөмірді жалға берген.
Бұл қызметтен түскен жалпы табыс шамамен 5 млн теңгені құраған. Оның белсендірген SIM-карталары арқылы алаяқтар Қостанай мен Тобыл тұрғындарын "Сізге сәлемдеме келді" деген схема бойынша алдап, 2 млн теңгеден астам залал келтірген. Полиция қызметкерлері қылмыстық әрекетте қолданылған құрылғылар мен SIM-карталарды дәлелдеме ретінде тәркіледі.
Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Мұндай схемалар — айтарлықтай қауіп төндіреді. Яғни, жалға берілген SIM-карталар жиі заңсыз мақсаттарда, спам таратудан бастап, анонимді түрде алаяқтық әрекеттерді үйлестіруге дейін пайдаланылады.
Полиция ескертеді: басқа тұлғалар атына тіркелген SIM-карталарды жалға беру және пайдалану — Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу болып табылады. Мұндай жағдайларда жауапкершілікке жалға беруші де, жалға алушы да тартылады.