СҚО-да құстың қырылуына қатысты сараптама қорытындысы жарияланды

/
СҚО-да құстың қырылуына қатысты сараптама қорытындысы жарияланды
Pixabay

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар өңірінде құстың қырылуына қатысты сараптама қорытындысы шықты. Қаз-тауықтар пастереллез дертінен өлген, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Ресми дерекке сүйенсек, бүгінде қырылған қанаттылардың саны үш мыңнан асады. Ветеринарлар ауру жабайы құстан жұғуы мүмкін деп отыр. Бірақ пастереллёзге қарсы вакцина жоқ көрінеді. Сондықтан сала мамандары аурудан аман қалған құсты бөлек ұстауға кеңес береді.

Үкіметтің қаулысына сәйкес пастереллез дерті үшін мемлекет тарапынан өтемақы қарастырылмаған. Сондықтан билік өкілдері шығынның орнын толтыру үшін басқа қаржы көздерін іздестіріп жатқандарын жеткізді.

"Өтемақы бюджеттен қарастылмаса да, шаруашылық субъектілері бар басқа жағдайларды қарастырып, тұрғындарға көмектесу жұмыстары ертең шешіледі", - дейді СҚО Қызылжар ауданы ветеринарлық станциясының директоры Ербол Багенов.

Әзірге бұл дерт Бугровое ауылында ғана тарап отыр. Тұрғындардың айтуынша, қырылған құстың саны ресми деректен әлдеқайда көп. Және олар сараптама қорытындысымен келіспейтінін айтады.

"5 мың құстың 2225-сі қырылды. Шоттан жаңылдық. Барлық белгі құс тұмауына келіп тұр деп ойлаймын. Пастереллез себеп болғанына сенбей тұрмын. Әрине, тәуелсіз сараптама жасатамыз", - дейді шаруашылық жетекшісі Ақылбай Мағжан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары