Некедегі әйелге ажыраспай жатып көз салатын мені басында миы жоқ ессіз дейсіздер ме? – Олжас Абай

/
Некедегі әйелге ажыраспай жатып көз салатын мені басында миы жоқ ессіз дейсіздер ме? – Олжас Абай
Жеке парақшасынан

Кейінгі кезде Дариға Бадықовамен бірге киноға көп түсіп жүрген белгілі актер Олжас Абай актрисаның экс-күйеуі Дархан Мұсаевтың даулы мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бір отбасыны неге бұзасың?» деген жандарға айтарым: Оу ағайын, өмірге реніші барлар, жаман сөз жазып, мені жерден алып жатқандарың орынды емес. Осы уақытқа дейін мен түскен киноларды көріп, «жарайсың» деп қошамет соғып, енді аяқ асты бір жақты ойланатын адамның “қызғанышына”  сеніп, менің өнерге деген ессіз сүйіспеншілігімді, адамға деген шынайы  қарым- қатынасымды жерге таптамаңдар!

Некедегі әйелге ажыраспай жатып, көз салатын  мен не басында миы жоқ ессіз, есалаң дейсіңдер ме? Аңдамай сөйлген деген бар қазақта. Басымнан біреудің фантазиясын асырып отыра алмайды екенмін. Әр нәрсенің соңы болады. Ешкім жауапсыз қалмайды. Ол адамның “жан жағын кінәләп берген”  сұхбаты адам алдында да, ар мен заң алдында да жауабы болады. 15 жылда 25-тен аса кинотуындыға түсіп, рекорд жасап, халықтың милион қошаметіне бөленіп, Дариғадай мінезді актрисамен серіктес болып, жұмыс жасап, жетістікке қол созған мен - дәп сол жерден қателесіп қалмайтын шығармын. Басымды бала күннен тік көтеріп жүргенмін, арықарай да жүре беремін.  Актер ұлдарыңыз, Олжас Абай!», – деп жазды ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары