Қызылорда обласында мүмкіндігі шектеулі баланың аяғын күйдірген

/
Қызылорда обласында мүмкіндігі шектеулі баланың аяғын күйдірген
скриншот

Әлеуметтік желіде Қызылорда облысында жасөспірімнің мүмкіндігі шектеулі баланы азаптап, аяғын күйдіргені туралы жазба жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған жағдайға қатысты  Қызылорда облыстық полиция департаменті пікір білдірді.

«Бұзақылық дерегі бойынша полиция тарапынан қылмыстық іс қозғалды. Күдікті – кәмелетке толмаған бала ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді департамент бастығы Серік Ергешов.

Ведомство басшысы қылмыстық істің тергелу барысын ерекше бақылауға алғанын мәлімдеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары