Министрлік еңбек кітапшасына қатысты маңызды ескерту жасады

/
Министрлік еңбек кітапшасына қатысты маңызды ескерту жасады
gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек кітапшасының маңызы туралы еске салды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ведомствоның ақпаратынша, ҚР Еңбек заңнамасына сәйкес еңбек кітапшасы — адамның еңбек қызметін растайтын негізгі құжаттардың бірі.

Онда қызметкердің еңбек жолы хронологиялық тәртіппенқамтиды. Соның ішінде:

  • жұмысқа қабылдану,
  • басқа жұмысқа ауысу,
  • еңбек шартының тоқтатылуы туралы деректер жазылады.

"Сондықтан еңбек өтілі бар және белгілі бір салада немесе мамандық бойынша тәжірибесі бар тұлғалар үшін еңбек кітапшасы жұмысқа орналасу кезінде еңбек қызметін растайтын негізгі құжат болып табылады", – деді Бибарыс Тәңірбергенұлы.

Сонымен қатар 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде де еңбек кітапшасы арқылы расталады. Егер еңбек кітапшасы болмаса немесе онда тиісті жазбалар жоқ болса, еңбек өтілі басқа құжаттармен немесе сот шешімімен анықталады.

"2020 жылғы 4 мамырда Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, жұмыс берушілер қызметкермен еңбек шартының жасалуы мен тоқтатылуы туралы мәліметтерді Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті", – деді Бибарыс Тәңірбергенұлы.

Осылайша, 2020 жылдан бастап қызметкердің еңбек қызметін Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіндегі деректермен де растауға болады.

Бұған дейін Еңбек министрлігі үш ай бойы жұмыс істемеген және зейнетақы жарнасын төлемеген азаматтарды есепке алу туралы хабарлаған болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары