Салтанаттың ағасы Айтым Қостанай облысындағы Амангелді ауылына жасаған сапары туралы баяндады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Айтымның айтуынша, «Амангелді» туристік кешенінің пантеонында қарындасының аты жазылған ескерткіш тақта орнатылған
Айтым онда жақындарымен бірге 4 қазан күні барған. Сапардың басты мақсаты – Сапар Ысқақов негізін қалаған «Амангелді» туристік кешенін аралау болған.
«Бұл пантеонға Қазақстан тарихындағы маңызды тұлғалардың қатарына Салтанаттың есімі жазылған ескерткіш тақта орнатылды. Біз бұған дейін Павлодардан топырақ жіберіп, оны мемориалға капсула түрінде орналастырған болатынбыз», – деді Айтым.
Енді Салтанаттың есімі Қазақстан тарихы мен мәдениетіне үлес қосқан тұлғалардың қатарында тұр.