Алматыда барахолка аумағында екі жүргізушінің арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан, деп хабарлайды turkystan.kz.
kris_p_astana парақшасында жазылғандай, қуәгерлер төбелестің алдын алу үшін жанжалға араласып, тоқтатуға тырысқан. Кейін жанжал кезінде қатысушылардың бірі сөмкесінен пышақ алып, жүгірген.
Қалалық полиция департаменті аталған фактіге қатысты Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.
«Қақтығысқа қатысушылардың жеке басы анықталды, оларды ұстау шаралары қабылданып жатыр. Әрқайсысының әрекеттеріне жан-жақты тексеру жүргізіліп, тергеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілетін болады», — деп хабарлады департаменттен.