Қарағанды облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан күдікті ұсталды

/
Қарағанды облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан күдікті ұсталды
istockphoto.com

Қарағандыда полицейлер мен табиғат қорғаушылары заңсыз аңшылықпен айналысқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полицияның ақпаратынша, түнгі сағат 2 шамасында жүргізілген рейд кезінде киік атқан екі азамат ұсталды. Тексеру барысында олардың Қарағанды қаласының 48 және 40 жастағы тұрғындары екені анықталды.

Белгілі болғандай, ер адамдар бір ғана аңшылық лицензиясын рәсімдегенімен, оны егерьлерге тіркетпей, заңда белгіленген тәртіпті бұзған. Бұл – аңшылық ережелерінің бұзылғанын растайды, себебі лицензияны тіркеу аң аулау квоталарының сақталуын бақылауға және жануарларды заңсыз атуға жол бермеуге бағытталған.

 Оқиға орнын қарау барысында екі киіктің өлексесі, бір ұңғылы мылтық және бірнеше патрон айғақ зат ретінде тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары