ТЖМ жер сілкінісіне байланысты мәлімдеме жасады

/
ТЖМ жер сілкінісіне байланысты мәлімдеме жасады
ТЖМ

ТЖМ командалық орталығының жедел штабында ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен бейнеконференц-байланыс жүргізілді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Онда өңірлердегі жағдай талқыланды.

— ҚР ТЖМ күштері мен құралдары оқыс жағдайға толық дайын. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. ТЖМ мониторингті жалғастырып, өңірлермен тұрақты байланыс орнатты. Азаматтардан сабыр сақтауды және ресми ақпарат көздерінен хабардар болуды сұраймыз, — делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары