Қазақстанның 13 аймағында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ мәлім етті.
5 қазанда Алматы облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың онтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 1-3 градус үсік күтіледі. Талдықорған қ.: 05 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
5 қазан күні түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 05 қазанда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 05 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 05 қазанда кей уақыттарда шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 05 қазанда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 05 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 05 қазанда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады
Ұлытау облысының шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
5 қазан күні күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батыстан оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.