Белгілі жазушы Еркін Жаппасұлы өмірден өтті

/
Белгілі жазушы Еркін Жаппасұлы өмірден өтті
Фото: t.me/madenietaqparat

Белгілі жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Еркін Жаппасұлы өмірден өтті. Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Ведомствоның ресми Telegram-каналында хабарланғандай, Еркін Жаппасұлы – қазақ сатирасында өз қолтаңбасын қалдырып, қоғамның күлкі мен шындық тоғысқан қырларын терең бейнелеген бедерлі қаламгер. Ол қазақ әдебиетінің, баспасөзінің дамуына елеулі үлес қосып, өзінің кәсібилігімен, ұлт руханиятына жанашырлығымен ерекшеленді.

"Мәдениет және ақпарат министрлігі жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының, "Құрмет" орденінің иегері Еркін Жаппасұлының өмірден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтады.

Еркін Жаппасұлының жарқын бейнесі, өткір тіл мен ойлы әзілге құрылған шығармалары, қаламгерлік қолтаңбасы әріптестерінің, оқырмандарының және барша қазақ журналистикасы қауымының жадында мәңгі сақталады деп сенеміз.

Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болсын", - делінген министрлік хабарламасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары