Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
"Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 04 қазанда Астана уақытымен 17 сағат 42 мин жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 209 км. жерде орналасқан", делінген министрлік хабарламасында.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер:
Текелі қаласында – 2 балл;
Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында – 2 балл.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.