"Қазақфильм" киностудиясының барлық нысаны мемлекет меншігінде қалады

/
"Қазақфильм" киностудиясының барлық нысаны мемлекет меншігінде қалады
КТК

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық «Қазақфильм» киностудиясының барлық негізгі өндірістік нысандары мемлекет меншігінде қалатынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Министрліктің мәліметінше, бұл Рысқұлов даңғылындағы «П» әрпі түрінде жобаланған ғимаратқа да қатысты. Ғимарат әлі де «Қазақфильмнің» меншігінде. Оны сату туралы ресми дерек жоқ.

«Әр азамат пікір білдіруге құқылы. Бірақ жалған ақпарат тарату ҚР заңнамасына қайшы келеді және Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес қатаң жауапкершілік қарастырылған.

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде, оның ішінде Ерлан Төлеутай мырзаның жазбаларында да расталмаған және шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратылуда. Бұл қоғамда мемлекеттік органдарға деген сенімсіздікке әкелуі мүмкін.

Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз», - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары